Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзыла бастады
Былтырдан бері 41 заңсыз нысан сүрілді
Алматының «Шұғыла» шағын ауданындағы Жүнісов көшесінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала құрылысын бақылау басқармасы жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, нысанның рұқсатсыз салынғанын анықтады. Меншік иесі ұйғарымды орындамағаннан кейін басқарма Наурызбай ауданының сотына талап арыз берді. Сот оны биыл 2 ақпанда қанағаттандырды. Ғимарат сот орындаушылардың қатысуымен сүріле бастады.
Айта кетсек, былтырдан бері Алматыда «Мечта» және «Алма Гарден» тұрғын үй кешендерін қосқанда 41 заңсыз нысан бұзылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Graff тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылғанын хабарлаған болатынбыз.