Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтарды 19 млн теңгеге алдап кеткен ресейлік шекарада ұсталды

Ол Қырғызстанға қашпақ болған

 Динара Амантай 31.07.2024 | 16:16
Қазақстандықтарды 19 млн теңгеге алдап кеткен ресейлік шекарада ұсталды
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарды 19 млн теңгеге алдап кеткен ресейлік шекарада ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, 18 шілдеде тараздықтарды интернет желісі арқылы алдап кеткен ресейлік ұсталған. Күдікті сәуір-мамыр аралығында сыбайластарымен бірге әртүрлі нөмірлерден жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар белгісіз адамдар жәбірленушілердің атынан несие алмақ болғанын айтып, сендірген.

Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар «WhatsApp» бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие рәсімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.

Аталған факті бойынша 2024 жылы 25 сәуірде ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған. Күдікті мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама