Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық ғалымдар жоңышқаның жаңа түрін ұсынды

Бұл төзімді өсімдік қазірдің өзінде шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр

 Қымбат Елтайқызы 31.07.2024 | 14:58
Қазақстандық ғалымдар жоңышқаның жаңа түрін ұсынды
фото: АШМ

Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясының селекционерлері «Қарабалық інжуі» атты жоңышқаның жаңа түрін ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандар көпжылдық зерттеулер нәтижесінде шығарылған гибридті жаңа сорттың сапасын жоғары бағалады, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алдағы уақытта шаруа қожалық иелерінің жоңышқаның жаңа түрін қолдану арқылы ауа-райының қолайсыздығына қарамай мол өнім алуына мүмкіндік туды. Ғалымдар жоңышқаның бұл түрін «Славян» және «Қарабалық 18» сорттарын будандастыру арқылы шығарды. Өсімдік орташа маусымдық санатқа жатады, – деп қосты ведомство.

Гүлдену басталғанға дейінгі вегетациялық кезең небәрі 64 күнді құрайды. Ал тұқымның толық жетілуіне шамамен 107 күн қажет. 1 гектар жерден 191 центнерге дейін жасыл масса, 69 центнер шөп және 2,3 центнер тұқым алуға болады.

Қарабалық інжуі аязға әрі құрғақшылыққа бейімделген. Сондай-ақ, түрлі ауру мен зиянкесткерге төзімді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей жоңышқаның бұл түрі көктем мезгілінде ерте өсе бастайды. Осының арқасында шаруа қожалықтары қазірдің өзінде үлкен қызығушылық білдіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама