Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының тұйықталуы
Түркістан облысында жатақхана өртенді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Отырар ауданының лицей-интернаттарының бірінде жатақхана шатыры өртенді. Өрт толығымен 561 шаршы метр алаңда сөндірілді.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимаратта күзетші ғана болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының тұйықталуы.