Ол кәсіпкерден қомақты пара алған
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС директоры С. Байжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикордың мәліметінше, Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер туралы шарт жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге айыппұл, Байжановқа 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқи отырыңыз: «Аграрлық несие корпорациясы» директоры сотталды. ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының басшылығы сотталды. Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы сотталды.