Halyq Uni логотип
×

Қазақстан полициясы 17 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Көрші елде жасырынған 4 қылмыскер енді тиісті жазасын алады

 Қымбат Елтайқызы 31.07.2024 | 10:23
Қазақстан полициясы 17 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
фото: polisia.kz

Абай облысының тәртіп сақшылары халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді Ресей Федерациясында құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Санкт-Петербургте аса ірі алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды. Ер адам 2021 жылдан бастап алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде болған, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Сонымен қатар Ресей аумағында 62 жастағы күдікті есірткіні заңсыз ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды. Бұл адам 17 жыл бойы іздеуде болған, – деп толықтырды ведомство.

Жас баланы зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген тағы бір қылмыскер Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды. Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы 2023 жылдың наурызында болған.

Сондай-ақ полицейлер тағы бір күдіктіні Ресейдің Алтай өлкесінде құрықтады. Оның есебінде алаяқтықтың 10-нан астам эпизоды бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама