ДСМ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұл көзделгенін еске салады
Қазақстандықтар енді дәрі-дәрмектің бағасын мобильді қосымша арқылы бақылай алады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрліктің мәліметінше, Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылғандығы жөнінде оңай және жылдам хабарлай алады. Ол үшін дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін қосымшаға жүктеп, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жеткізілетін өтініш жіберу қажет.
Сонымен қатар қосымша арқылы дәрі-дәрмектерден пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға болады.
Министрлік белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұл көзделгенін еске салады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
Dari.kz қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.