Париж-2024: Бүгін қазақстандық 7 спортшы сайысқа түседі
Медальдар кестесінде 12-орында тұрмыз
Бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 5 түрінен – триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығады.
Триатлон
11:00. Әйелдер. Екатерина Шабалина
Стендтік ату
12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко
Оқ ату
12:00. 50 метрге ату. Іріктеу. Ерлер. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский
Бокс
Ерлер. 57 келі. 1/8 финал
14:16. Махмуд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)
Әйелдер. 75 келіге дейін. 1/8 финал
00:36. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)
Спорт гимнастикасы
20:30. Көпсайыс. Ерлер. Милад Карими.
Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 12-орынға жайғасты.