Келесі кезеңде Хасанбай Дусматов пен Хуанма Лопес де Хесустің қай жеңгенімен шығады
Франция астанасы – Париж қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты. Есеп: 5-0.
Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.
Еске сала кетсек, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген болатын. Әлем чемпионы және қола жүлдегері.
Ал Самет болса, Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).