Енді eGov Mobile арқылы тағы бір анықтама қолжетімді

Халық үні

Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут

фото: Halyq Uni

Қазақстандықтар енді eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді, - деп хабарлады «Ұлттық ақпарттық технологиялар» АҚ.

 

Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет, – делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін мына қадамдарды орындайсыз:

  • еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз;
  • «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз;
  • Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.

Нәтижені Жеке кабинет тарихынан тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін.

Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар алу мерзімі де 5 жұмыс күніне дейін.