Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысы тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды

 Қымбат Елтайқызы 30.07.2024 | 17:09
Ақтөбе облысы тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді
фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

30 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының мамандарымен бірлесіп, Құтикөл ауылынан 15 шақырым жердегі Масақ-көл су айдынында балықты заңсыз аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 75 келіден асатын 139 сазан және бес балық аулау торы тәркіленді, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама