Halyq Uni логотип
×

Петропавл балабақшаларында азық-түлікті 30 млн теңгеге қымбатқа сатып алмақ болған

Прокуратураның ұсынысымен калькуляция қайта бекітілді

 Динара Амантай 30.07.2024 | 16:51
Петропавл балабақшаларында азық-түлікті 30 млн теңгеге қымбатқа сатып алмақ болған
Фото: Halyq Uni

Петропавл балабақшаларында азық-түлікті 30 млн теңгеге қымбатқа сатып алмақ болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, білім беру ұйымдарын тексеру нәтижесінде мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермелеу фактілері анықталған.

Жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмық жармасының бір келісін 700 теңгеден сатса, оның нарықтағы орташа бағасы 330 теңге болған. Сондай-ақ, басқа да азық-түлік өнімдері (картоп, сары май және күнбағыс майы, қант және тағы басқа) көтерілген бағамен сатып алынған, – делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратура заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, қадағалау актісімен бұрын қолданылған калькуляция қайта бекітілді. Нәтижесінде бюджет қаражатын 30 млн теңгеге артық жұмсауға жол берілмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама