Halyq Uni логотип
×

Су температурасы 40 градусқа жақындаған: Атырау облысында балық қырылды

Оларға оттегі жетпеген

 Қымбат Елтайқызы 30.07.2024 | 16:20
Су температурасы 40 градусқа жақындаған: Атырау облысында балық қырылды
фото: azh.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау қаласына қарасты Теплый арнасындағы балықтың қырылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік мәліметінше, балықтың қырылғаны туралы желіде тараған ақпаратты тексеру үшін комиссия жіберілген. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Нәтижесінде дерек расталған.

Теплый каналы Атырау ЖЭО-ға тиесілі. Арнадағы судың температурасы 39,5 градус, оттегінің мөлшері 6 мл/дм3. Су жылу электр орталығының қазандықтары салқындағаннан кейін арнаға түседі және шабындық жерлерді суару үшін қолданылады.

Анықтау барысында көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені жағадан шығып, өзен суының Соколок арнасына аққаны анықталды. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде балықтар Соколок арнасымен бірге Теплый арнасына түскен. Балықтардың қырылуының болжамды себебі – Теплый арнасынадағы су температурасының жоғарылауынан суда оттегінің болмауы, – деп қосты ведомство.

Өлген балықтың жалпы салмағы – 28,5 кг. Атырау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балықты жинау жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама