Жаңа аренадағы ежелгі ойын: Қазақстанда Жаппай көкпар федерациясы құрылды

Қымбат Елтайқызы

Жаппай көкпар ұлттық брендке айналды

фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Ұлттық спорт қатары тағы бір федерациямен толықты. Қазақстанның Жаппай көкпар федерациясы ресми түрде аккредитация алып, жеке ұйым ретінде тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаппай көкпар халыққа ортақ, атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды мұра. Көкпар – күш пен жігердің, палуан мен тұлпардың етене бітісіп, асау мінезді тізгіндейтін алаң. Көкпар жаһандану дәуірінде өз өміршеңдігін танытып, ұлттық брендке айналып отыр.

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бақытжан Тұрлыбеков құттықтау сөзінде осынау игі істің барша жанкүйерін құттықтап, бұл бастамада табысқа жететініне сенім білдірді.

Бүгінгі қадам көкпарға жаңа леп берері сөзсіз. Одан ұлттық спорт ұтпаса, ұтылмайды. Енді көкпар республика бойынша жаңа қарқынмен жүйелі түрде дамиды, - деді Тұрлыбеков.