Елімізде орман өртіне кінәлілер 7,5 млн теңге айыппұл арқалады

Қымбат Елтайқызы

Биыл 13 адам кінәлі деп танылды

фото: Halyq Uni

Мемлекеттік орман күзеті биыл өрт туындауына кінәлі 13 адамды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Олардан 7 млн 500 мың теңге әкімшілік айыппұл және 700 мың теңгеден астам шығын өндіріп алынды, деп мәлімдеді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қабылданған шаралар орман өрті алаңын 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 есе (110,6 мың гектардан 36,2 мың гектарға дейін) соның ішінде орманмен көмкерілген жерлерде – 5 есе азайтуға мүмкіндік берді.

Республика ормандарында жалпы алаңы 36,2 мың га (110,6 мың га) құрайтын 161 (597) өрт тіркелді. Соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 12,4 мың га. Бұл ретте, биыл қатты өртке ауысу фактілері тіркелмеді. Әкімдіктерге қарасты ормандарда жалпы алаңы 30,5 мың га (5,8 тыс. га) құрайтын 71 (269) өрт тіркелді.

Көлемі үлкен орман өрттері келесі облыстардың орман мекемелері аумақтарында жол берілді:

  • Жамбыл облысы – 19,1 мың га, соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 11,2 мың га;
  • Атырау облысы – 10,4 мың га, соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 463 га.

Осы өрттердің негізгі себептері – дала өртінің мемлекеттік орман қоры аумағына өтуі.

Министрлікке қарасты ормандардың жалпы аумағы 5,7 мың гектарында (104,8 мың га) 90 (328) өрт тіркелді. Соның ішінде 5,6 мың гектары (камыс) Іле-Балқаш резерваты аумағында.

Бұл ретте, өрттің көбі – 66 оқиға Ертіс өңірінің қарағайлы ормандарында: Семей орманында – 43, Ертіс орманында – 23 оқиға болды. Негізгі себеп – найзағай жарқылы. Өрттердің жалпы алаңы небәрі 12 га құрайды, ал бір өрттің аумағы - 0,2 гектардан аспайды.