Азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімін қолдану жиілеген

Динара Амантай

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Фото: akorda.kz

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімін қолдану жиілеген. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мемлекет басшына баяндады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары іске асырылып жатқаны туралы баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.