Halyq Uni логотип
×

Алматыда Graff тұрғын үй кешені бұзылды

Ғимарат заңсыз салынған

 Динара Амантай 30.07.2024 | 18:31
Алматыда Graff тұрғын үй кешені бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыдағы Graff тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзыла бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ғимарат «Ерменсай» шағын ауданындағы үш жер телімінде рұқсатсыз салынған. 2023 жылдың 20 қаңтарында қала құрылысын бақылау басқармасы бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарды. Бірақ тапсырыс беруші талаптарды орындамаған. Басқарма сотқа жүгініп, 24 шілдеде бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Апелляциялық сот 19 қазандағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.

Айта кетсек, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр 40 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және тағы басқа ғимараттар толық немесе жартылай бұзылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама