Экология министрлігінде Антикор ұсынымы қаралды
Антикордың «Ертіс Орманы» бойынша ұсынымы Экология министрлігінде қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еске сала кетсек, резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашы түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деген күдікке ілінген. ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 150 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылды.
ҰҚТ қатысушылары қамауға алынған. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.