×

Әлібек Қуантыров жаңа лауазымға тағайындалды

Ол екі жылға жуық Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған

 Динара Амантай 30.07.2024 | 09:30
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.

  • 2005-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2010-2013 жылдары – Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
  • 2013 жылы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2013-2019 жылдары – Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
  • 2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
  • 2019-2021 жылдары – Елбасы кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
  • 2021-2022 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2022-2024 жылдары Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.
  • Биылғы 1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама