Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде өте ыстық болады
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай мен қатты желмен жаңбыр жауады. Тек батыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнде және таңертең елдің солтүстігінде тұман болады.
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында, Ұлытау облысының батысында қатты ыстық сақталады.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде өте ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, Абай облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Ұлытау облысында жоғарғы өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.