Қарағанды тумасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды
Ол Әзербайжанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлады
Қарағанды тумасы, дзюдодан Әзербайжан құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Хидаят Гейдаров Париж татамиінде 73 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол финалға дейін жетіп, соңғы белдесуде Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны «иппон» әдісімен жеңді. Осылайша, Гейдаров алтын жүлде еншілеп, Әзербайжанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлады.
Хидаят Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Ол – әлем чемпионы (2024), әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері (2018,2019,2022), Еуропаның төрт дүркін чемпионы (2017, 2022, 2023, 2024).