Қызылорда облысында жарылыс болды

Халық үні

Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр 

фото: Облыстық ТЖД

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, 4 жасөспірім зардап шекті. Олар Қармақшы ауданынан қыдырып келген. Қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Күлемдері 50 пайыздан жоғары. 50-60-70 пайыз шамасында. Жарақаттары терең. Өміріне қауіп жоғары. Өйткені үлкен балалар күйікті көтеру өте қиын болады жасы кіші балаларға қарағанда.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша жарылыс газдың жылыстауынан орын алған, дейді Облыстық балалар ауруханасының дәрігері Олжас Құрбанбай.

Оқиқаға сәйкес қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 292-нің 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қазіргі таңда департаменттің анықтау саласы мен өрт зертханасы жұмыс жасауда, деді Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Ибрагимов.