×

Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап, қаза тапты

Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді

 Халық үні 29.07.2024 | 21:33
фото: Halyq Uni

Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап, мерт болды. Жергілікті полиция басқармасы «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелгенін» мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде сағат 06:30 шамасында болған.

Көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан құлап қайтыс болған 2009 ж.т., жасөспірімнің өліміне қатысты өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, - деп хабарлады ПД.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама