Астанада автобус парктерінің 8 қызметкері жауапқа тартылды

Динара Амантай

Қоғамдық көліктің жүргізушілері 400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзған

Фото: polisia.kz

Елордалық автобус парктерінің 8 қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алты күндік «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қала аумағында автобустардың техникалық жай-күйін тексеру, автобустардың автопарктерден, автобекеттерден шығуы кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерістен өтуі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Заңсыз автовокзалдар, автотасымалдаушылар, сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдайтын таксилер анықталды. Іс-шара қорытындысы бойынша автобус жүргізушілерінің 400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. 19 заңсыз такси жүргізушісі ұсталып, коммуналдық тұраққа 45 көлік қойылды, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, автобус парктерінің 8 лауазымды қызметкері жауапкершілікке тартылып, мыңға жуық қоғамдық автобус тексерілді.