×

Антикор экс-полицейге іздеу жариялады

Оған «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды

 Динара Амантай 29.07.2024 | 17:28
Фото: СЖҚА Ұлытау облысы бойынша департаменті

Антикор полиция басқармасының бұрынғы жедел уәкіліне іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін Бақыт Әділ Есенжолұлына іздеу жариялады.

Агенттіктің мәліметінше, аталған азамат 2000 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысында туған. Ол – Сәтбаев қаласы ПБ бұрынғы жедел уәкілі. Оған «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат анықталған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қаласы, Құрманбаев көшесі, 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: Кезекші бөлім 8 (7102) 72-12-31 , іздестіру тобы 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07. Немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазуға болады, – делінген Антикор хабарламасында.

Іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесетін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама