Агенттікке 7,6 мыңнан аса адам өтініш жіберген
Биылғы маусымда 7 мың 662 адам қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдарының қызметіне байланысты шағым түсірген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш мамырмен салыстырғанда 5,4%-ға аз. Өтініштердің 45,2%-ы банк секторына тиесілі, 38,3%-ы микроқаржылық қызметті іске асыратын ұйымдардың қызметіне, 6,9%-ы коллекторлық агенттіктерге, 2,5%-ы сақтандыру нарығы субъектілеріне, 5,3%-ы өзге ұйымдарға түссе, 1,8%-ы қаржы ұйымдарының атауын көрсетпеген.
Агенттік маусымда 17 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 58 хаттама бойынша 17,3 млн теңгеге 13 әкімшілік жаза қолданды. Оның ішінде:
Айта кетсек, агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын 3 бағыт бойынша іске асырады.
Бағдарламаның 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған борышкерлердің жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер 201,5 млрд теңгеге 32,5 мың қарызды қайта қаржыландырды. Бағдарламаның 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауғ я қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңгеге 15,6 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды я қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау я қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осал топқа жататын 10,6 мың борышкерге 85,5 млрд теңге қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.