×

Қарағанды облысында тұрғындар 110 мыңнан астам бөтелкені балмұздаққа айырбастады

Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті

 Динара Амантай 29.07.2024 | 14:09
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысының тұрғындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 110 мыңнан астам пластикалық бөтелкені балмұздаққа айырбастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Акция халықты тәртіп орнатуға және қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасауға тартуға бағытталған.

Кем дегенде бес пластикалық бөтелке әкелген әрбір адамға қатысуға ынталандыру ретінде балмұздақ берілді. Тазалық үшін күресте балалар мен жастар ерекше белсенділік танытты. Қабылдау пункттеріне тұтас отбасымен барғандар да болды.

Қарағандылықтар Майқұдық саябағында бір балмұздаққа 5 пластик немесе шыны бөтелке ауыстырды. 50 мың бөтелке жиналып, 10 мың балмұздақ алды. Бұл шарада көбіне балалар мен жастар белсенділік танытты.

Акция облыс орталығының басқа да нүктелерінде жалғасты. Теміртау тұрғындары 45 мың бөтелке жинап, 4500 порция балмұздақ таратты.

Қала тұрғындары белсенді қатысты. Алдағы уақытта осындай акцияларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.

Акцияға қатысушылар 10 бөтелкені балмұздақ алатын талондарға ауыстырды. Ұйымдастырушылар контейнердің санын санап қана қоймай, оның тұтастығын тексерді.

Шахтинск тұрғындары 12 500 бөтелке тапсырды.

Біздің тұрғындар акцияға белсенді қатысып жатыр. Ең көп бөтелкені балалар мен орта жастағы адамдар тапсырды. Адамдар отбасылармен келді. Бірнеше сағат ішінде қала тазарып қалды, – деді Шахтинск ішкі саясат бөлімінде.

Қарқаралылықтар 4500 бөтелке жинады. Саран, Ақтоғай және Абай аудандарының тұрғындары тазалық эстафетасын қолдады. Олар сәйкесінше 2400, 3000 және 2 мың бөтелке жинады.

Акцияның бастапқы кезеңінде Бұқар Жырау, Нұра және Шет аудандарының тұрғындары 2500-ге жуық бөтелке жинады.

Пластмасса, шыны жинау арқылы облыс тұрғындары қалдықтарды қайта өңдеуге және аймақты таза ұстауға үлес қосады. Ең бастысы, балаларға экологиялық мәдениет дағдылары үйретіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама