Halyq Uni логотип
×

2GIS, Yandex Food: қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарап кетті

Хакерлік форумның мәліметтері жарияланды

 Динара Амантай 29.07.2024 | 12:50
2GIS, Yandex Food: қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарап кетті
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарап кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кибер-шабуылдарды талдау және тергеу орталығының мәліметінше, өткен аптада Telegram пайдаланушыларының бірі BreachForums хакерлік форумның толық дерекқорын жариялап жіберген. Аталмыш форум 2022-2023 жылдар аралығында зиянды бағдарламалар мен ұрланған деректерді сатумен айналысқан. Былтыр Федералды тергеу бюросы форум ұйымдастырушысын қамауға алған болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, форумға 15 қазақстандық хакер тіркелген.

Мәліметтердің ішінде 2022 жылдың 29 қарашасына дейінгі жарияланған барлық деректер, оның ішінде пайдаланушы идентификаторлары, хэштелген құпия сөздер, жеке хабарламалар, форум несиелерін сатып алу үшін пайдаланылған криптовалюта мекенжайлары және сайттағы барлық хабарламалар бар.

Жарияланған деректердің ішінде:

  • Сервистік стансаны басқарушылардың деректер базасы — Ресей және Қазақстан;
  • Spark көлік-логистикалық компаниясының деректері;
  • Шәкәрім атындағы университет студенттері мен талапкерлерінің деректер базасы;
  • B2B 2 GIS Қазақстанның 2022 жылдың 24 маусымындағы барлық деректері;
  • Қазақстан мен Ресейдің Yandex Food қосымшасы пайдаланушыларының деректері;
  • Fonbet-тің қазақстандық және ресейлік пайдаланушыларының 2021 жылғы деректері бар.

TSARKA Group негізін қалаушы Олжас Сатиевтің айтуынша, кейбір мәліметтер форумның бұрынғы әкімшісі Конор Брайан Фицпатридің дерекқорының көшірмесінен алынған. Сонымен қатар, мәліметте форумға қатысушылардың әртүрлі хабарламалары да жарияланған. Олардың бірінде «қазақстандық ірі банктің дерекқоры бұзылды» делінген. Қазір бұл мәліметтер базасы құқық қорғау органдарында берілді.

Мамандар киберкеңістікті пайдаланушыларды аса сақ болуға және парольдерін уақтылы жаңартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама