Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақтөбе тұрғыны белгісіз адамдардың оны қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткенін айтып, полицияға арызданған. Күдіктілер оның көлігінен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен.
Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.