Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру қажет
Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтарға әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін қарастыруды ескертті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еске сала кетсек, 25 шілдеде Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Ақши ауылы маңында Алакөл көлінде дельтаплан құлап, салдарынан екі адам зардап шеккен болатын.
Комитет мәліметінше, бұл әуе кемесі азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген әрі тиісінше ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған. Сондай-ақ, ұшқыштың авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ болып шықты. Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.
Әлеуметтік желіде әуе сапарларын жарнамалау жағдайлары жиілегеніне байланысты Комитет қазақстандықтарға үндеу жариялап, әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру қажеттігін атап өтті: