Павлодар облысына көшіп барушылар басым
Биыл жұмыс күші тапшы өңірлерге 5 мыңға жуық адам қоныс аударған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 4 869 адам, оның ішінде 1 891 қандас және 2 978 қоныс аударушы көшіп барған. Осы жылдың соңына дейін 9483 адамды көшіру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, Павлодар облысына 2 036 адам, СҚО-ға 1 163 адам, Қостанай облысына 540 адам, ШҚО-ға 402 адам, Абай облысына 362 адам, Ақмола облысына 285 адам, Қарағанды облысына 43 адам, Ұлытау облысына 38 адам қоныс аударды.
Олардың көбі негізінен Өзбекстаннан, Моңғолиядан, ҚХР, Ресейден және басқа елдерден келген.
Қоныс аударушылардың 1 288-і жұмысқа орналастырылып, 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысып бастады, ал 1 адам бизнес ашу үшін грант алды. Олар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп салаларына жұмысқа орналасты.
Айта кетсек, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.