Париж – 2024: ел спортшыларының 29 шілдедегі жарыс кестесі

Халық үні

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін

фото: advice.uz

Бүгін, 29 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның бірқатар спортшысы сайысқа түседі.

Спортшылардың жарыс кестесінің уақыты Олимпиада ойындарының сайтында көрсетілген.

12:00. Әйелдер. Жеке қылыш. 1/32 финал.
Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)

12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу.
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1.
Владислав Яковлев

12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Финал
Александра Ле

13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал.
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал.
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия

14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалап жүзу. 100 метр. Іріктеу.
Ксения Игнатова

15:00 Теннис

18:40 Бадминтон. Ерлер.
Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)

23:00. Үстел теннисі. Ерлер.
Кирилл Герасименко

00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал.
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта да ойын көрсетуі ықтимал.

Еске сала кетсек, Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.

Ал екі күнде ел құрамасы қоржынына 3 медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанса, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Аександра Ле мен Ислам Сәтбаев ел қоржынына қола жүлде салды.