Алғашқы орында – Оңтүстік Корея
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті.
Қазақстан құрамасы қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола медаль бар.
27 шілдеде дздошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы алтын салса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.
Ал 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
Алғашқы орында Оңтүстік Корея (3 алтын, 2 күміс, 1 қола), екінші орында Аустралия (3 алтын, 2 күміс) тұр. Үздік үштікті 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.