Ғұсман Қырғызбаев – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Халық үні

Бұл – Қазақстанның 2024 жылғы Олимпиададағы үшінші медалі

фото: Тұрар Қазанғапов

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

 

Жартылай финалға шыққан спортшы бразилиялық Виллиан Лимадан жеңіліп қалды. Алайда үшінші орын үшін тартыста сербиялық Страхиня Бунчичті жеңді.

Бұл – Қазақстанның 2024 жылғы Олимпиададағы үшінші медалі. Бұған дейін алтын жүлдені дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алған болатын. Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысанаға көздеуден қола медаль иеленді.