Halyq Uni логотип
×

Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Енді ол бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады

 Халық үні 28.07.2024 | 20:35
Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай бірінші кездесуін өткізді.

Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Назым Қызайбай 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Бірінші кезеңде қазақстандық боксшы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Джордана Соррентиномен шеберлік байқасты. Бұл жекпе-жекте Назым Қызайбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (29:28, 29:28: 30:27, 30:27, 28:29) жеңіске жетті.

Назым Қызайбай 1 тамызда 1/8 финалдық кезең аясында бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.

Айта кетейік, бүгін бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші кездесуінде жеңіліп қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама