Ту ұстаушымыз Асыланбек Шымбергенов екінші айналымға өте алмады

Халық үні

Бүгін әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады

фото: sports.kz

Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асыланбек Шымбергенов бірінші кездесуін өткізді.

Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Асыланбек Шымбергенов 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы нигериялық Зейяд Ишаишпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен (28:29, 27:30, 30:27, 28:29, 30:27) отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

Ал бұған дейін 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.