Алматы-Екатеринбург жолында апат болып, төрт адам зардап шекті
Олардың екеуі ауруханаға түсті
Алматы-Екатеринбург жолында апат болып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚР ТЖМ АМО филиалының «Ақшатау» трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Алматы-Екатеринбург трассасының 787 шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Зардап шеккен төрт адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Екеуі Шет ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, екеуі ауруханаға жатудан бас тартты.