Halyq Uni логотип
×

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Ол Франция спортшысынан басым түсті

 Қымбат Елтайқызы 28.07.2024 | 17:50
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты
фото: Тұрар Қазанғапов

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

66 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуан ширек финалда татами иесі, франциялық Валид Хиярды жеңді. Валид екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері саналады, деп мәлімдеді Olympic.kz. 

Кездесу барысында шидо саны бойынша жеңіліп жатқан Ғұсман белдесу соңына қарай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, – делінген ақпаратта.

Осылайша, Қырғызбаев жазғы Париж Олимпиадасының жартылай финалында белдеседі. 

Бұған дейін оның әлемдік доданы жеңіспен бастағаны жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама