Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта сынға түсіп жатыр
Париж Олимпиадасының екінші жарыс күнінде дзюдодан ерлер арасында 66 келі салмақтағы жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл салмақ дәрежесінде ел намысын Ғұсман Қырғызбаев қорғап жатыр, деп мәлімдеді Olympic.kz.
Ғұсман алғашқы айналымда испаниялық Давид Гарсия Торнемен белдесті. Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Қырғызбаев «ваззари» ұпайымен жеңіске жетті, – делінген ақпаратта.
Келесі айналымда ол Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездеседі.
Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.