Halyq Uni логотип
×

Александра Ле Олимпиаданың финалына жолдама алды

Ол кеше Ислам Сәтпаевпен бірге ел қоржынына алғашқы медаль салған еді

 Қымбат Елтайқызы 28.07.2024 | 13:49
Александра Ле Олимпиаданың финалына жолдама алды
фото: olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Александра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткенін естеріңізге саламыз, деп мәлімдеді Olympic.kz.

Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды. Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан орналасты. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар медальға ертең, 29 шілде күні таласады. 

Кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама