×

Астанада Тұран даңғылы жабылады

Басты көшелердің бірінде қозғалыс шектеледі

 Қымбат Елтайқызы 28.07.2024 | 13:20
фото: 2gis.kz

Елордада Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.

Қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылады, – деді елорда әкімдігі.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға тиіс, деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама