Алматы тауларында жоғалған жасөспірімдер құтқарылды
Олар тауда адасып кеткен
Алматы облысында тауға көтеріліп түсе алмаған екі жас жеткіншек құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірігіп, Алматы облысы Үлкен Алматы шатқалында екі жас туристі құтқарып, таудан түсірді. Жасөсіпірімдер 14 және 16 жаста, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып, өздігінен түсе алмай 112 нөміріне көмекке жүгінген. Туристерге медициналық көмек қажет болмады, – деп толықтырды ведомство.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті.