Тағы бір қазақстандық теннисші Олимпиадаға қатыспайтын болды
Осымен, екі танымал теннисші халықаралық додаға қатысудан бас тартты
Теннисші Юлия Путинцева 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған болатын. Алайда, украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықта қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды, деп мәлімдеді Теннис федерациясы.
Бұған дейін де Юлия тізесіндегі жарақатын айтып, шағымданған болатын, – деп қосты федерацияның баспасөз қызметі.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталып жатыр. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үміт арқан едік, өкінішті», - деді Досқараев.