Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Дзюдошы бірнеше елдің спортшысын жеңді
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
60 келі салмақта өткен ширек финалдық белдесуде Сметов әлемдік рейтингте бірінші тұрған Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейден «ваззари» ұпайымен басым түсті, деп мәлімдеді Olympic.kz.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта Олимпиаданың жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы атанды, – деп толықтырды басылым.
Бұған дейін ол Нидерланд және Украина спортшыларынан басым түскен болатын.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды.