Ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден озды
Түркология саласының білгірі 77 жаста еді
Қаралы хабар әлеуметтік желіде жария болды. Бұл ақпаратты белгілі түрколог-ғалым ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне растады.
ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ
1947 жылғы 21 наурызда Моңғолияның Баян-Өлке аймағында дүниеге келген.
2001 жылдан бері Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығы Түркология зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған;
2010 жылдан бастап Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметін атқарған.
Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақаланың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген.
«Этнокультурная связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков» (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шыққан. 30-ға жуық ғылыми мақаласы ағылшын, француз, қытай, орыс, моңғол, қазақ тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланған.