Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
26 шілде күні Атырау қаласындағы Айтеке би көшесіндегі фонтанда үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқыс оқиға кешкі сағат 17:50 шамасында болған. 2021 жылы туған кәмелетке толмаған баланың аяғын фонтанның насосы тартып әкеткен. Салдарынан бүлдіршін қаза тапты, деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция басқармасы.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс құпиялығын сақтау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды», – деп толықтырды тәртіп сақшылары.