Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында жер сілкінді

Магнитудасы 3.9 балл болды

 Қымбат Елтайқызы 27.07.2024 | 12:59
Қостанай облысында жер сілкінді
Фото: Sputnik.kz / Владислав Воднев

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2024 жылы 27 шілде күні таңертең білінген.

«Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Жер сілкінісі ошағының координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық санаты К=9.4», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама