Halyq Uni логотип
×

Астанада тағы бірнеше көше жөндеуге жабылады

27-29 шілде аралығында бір учаске толығымен жабық болады

 Халық үні 27.07.2024 | 06:54
Астанада тағы бірнеше көше жөндеуге жабылады
фото: Halyq Uni

Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Қозғалыс 26-29 шілде аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы оң жағымен бір бағытта ғана («Марал» көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай) іске асатын болады.

Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 27-29 шілде аралығында аталған учаске толығымен жабылады.

Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілдеде (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама