Halyq Uni логотип
×

БҚО-да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған фестиваль басталды

Айтулы іс-шара 26-28 шілде аралығында 3 күн өтеді

 Халық үні 26.07.2024 | 21:21
БҚО-да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған фестиваль басталды
фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысында жыл сайынғы Agrofest Batys-2024 фестивалі басталды. Ауқымды мереке Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында өтіп жатыр.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Сол сәтте мемлекет басшысы ғылымды ауыл шаруашылығы саласына тарту арқылы жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өткен еді.

Фестиваль 26-28 шілде аралығында 3 күн өтеді. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылар мен келушілер үшін ауыл шаруашылығы техникасының, жабдықтардың, ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесін, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктеріне арналған алаңды, ІҚМ, ұсақ мал және жылқы етінен чемпионатты қамтитын ауқымды бағдарлама дайындады. Сондай-ақ онда ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, мемлекеттік сектор өкілдері мастер-класстар мен пікірталастар өткізеді.

Мерекенің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі қатысып, барлық қатысушыларды фестивальдің басталуымен құттықтап, оның қазірдің өзінде өңірдің айтулы шарасына айналғанын атап өтті.

Аграрлық сала ел экономикасында ерекше орын алады. Сондықтан осы саладағы жетістіктерімен тәжірибе алмасу – кезекті оқиға ғана емес, ауыл шаруашылығының барлық қызметкерлерін біріктіретін нағыз мереке. Бүгін біздің іс-шараға Парламент депутаттары мен министрліктердің өкілдері қатысып отыр. Сондай-ақ облыс пен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға күш-қуаты мен білімін жұмсайтын ғалымдар мен практиктерге, компания басшыларына қош келдіңіздер деймін, - деді Нариман Төреғалиев.

Сондай-ақ облыс әкімі осы маңызды шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысып, көмектесіп жатқан баршаға алғысын білдірді.

Фестивальдің мақсаты – агротуризмді дамыту, ауылмен және агробизнеспен байланыста болу үшін алаң құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерінің мәртебесін арттыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама