×

Жамбыл облысында орта мектебінің қазандығы өртенді

Өрттің тараған аумағы – 75 шаршы метр

 Динара Амантай 26.07.2024 | 17:42
Фото: Жамбыл обл. ТЖД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында орта мектебінің қазандығы өртенді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11:03-те Жуалы ауданы Түктібай ауылындағы №12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің қазандығы өртке оранған. Оқиға орнына Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру көлігімен 5 адам барды.

Құрылысы жаңадан басталған мектептен 8 метр қашықтықта орналасқан қазандық шатырының өртке оранғаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Кеңесбек Абдраимов бастаған өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт сағат 11:35-те ауыздықталып, сағат 11:40-та жойылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің тараған аумағы – 75 шаршы метр.

Құтқарушылар қызыл жалынның одан әрі қазандыққа өту қаупін жойып, қазандықты өрттен құтқарды. Зардап шеккен адамдар жоқ.

Өрт салдарынан қазандық ғимаратының шатыры және 2 қойма бөлмесі қирады. Қазір азаматтық қорғау қызметкерлері өрттің шығу себебі мен келтірілген шығынын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама